Әлем футболы

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчында дортмундтық «Боруссияны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу ағылшын командасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Рияд Марез бен Фил Фоден көзге түсті.

Еске салайық, бірінші ойында да Хосеп Гвардиола шәкірттері 2:1 есебімен жеңген еді. Екі ойын қорытындысы бойынша «Манчестер Сити» 4:2 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер