Басқа

Депутаттар спортқа бөлінетін қаржының тиімсіз пайдаланылатынын сынады

Депутаттар спортқа бөлінетін қаржының тиімсіз пайдаланылатынын сынады
news-banner7
mobile-news-top

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Александр Милютин спорт нысандарының тұрғындарға қолжетімсіздігі мәселесін көтеріп, спортқа бөлінетін қаржы діттеген мақсатына жұмсалмай жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған спорт саласындағы зиянды әрекеттердің тағы бір дәлелі – Қазақстан құрамасының шаңғышылары А.Дүйсеновтың, Е.Величконың ашық хаты. Ал өз есебінен мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған шаңғы клубын ашқан А.Головконың жағдайы мемлекеттен қолдау таппады. Қаражат таусылды, клуб та жабылды. Ол біздің елге қажетсіз болып шықты. Сондықтан қазір Марокко шаңғышыларын жаттықтыруға мәжбүр.

Егер спортшыларды даярлауға бөлінген қаражат мақсатты түрде жұмсалмайтын болса, онда қандай спорттық жетістіктер туралы айтуға болады?! Әсіресе дарынды балаларға арналған мектептер жабылуда. Азаматтар Ақмола облысындағы «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» шаңғы-биатлон стадионының, Шығыс Қазақстан облысындағы «Абай Арена» стадионының, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы стадиондардың қолжетімсіздігіне шағымданады. Мемлекет өз азаматтары үшін спорт кешендерін салуға қаражат бөледі. Бірақ мұның бәрі қолжетімді емес, себебі қымбат. Мұндай жағдай бүкіл республикада бар», - деп келтіреді депутаттың сөзін ҚазАқпарат.

Айтылғандарға байланысты депутат спортшылардың өтініштеріне қатысты фактілер бойынша тиісті сұрақтарға жауап беруды сұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер