Бокс

Бобиржан Момынов Нью-Йоркта шаршы алаңға шығады

Бобиржан Момынов Нью-Йоркта шаршы алаңға шығады
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Бобиржан Момынов (12-0, 8 КО) жекпе-жекке қашан шығатынын білді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бобиржан Момынов 23 жастағы мексикалық Анхель Руиспен (16-1, 12 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 22 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді.

Айта кетейік, Бобиржан Момынов соңғы жекпе-жегін 2020 жылы 27 қыркүйекте Қазан қаласында өткізді. Ол кезде отандасымыз ресейлік Вагинак Тамразянды (17-8, 5 КО) жеңді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер