Бокс

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Ерболат Сабыр 1/8 финалға өтті

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Ерболат Сабыр 1/8 финалға өтті
news-banner7
mobile-news-top

13 сәуірде Польшаның Кельце қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. 20 қазақстандық - 10 ұл мен 10 қыз - алтын үшін таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бірінші күні 56 келіге дейінгі салмақта Ерболат Сабыр өнер көрсетті. Ол венгр боксшысын жекпе-жек барысында екі мәрте нокдаунға жіберіп, сенімді жеңіске жетті.

Осылайша Сабыр 1/8 финалға жолдама алды, келесі жекпе-жегі 17 сәуірде Латвия спортшысына қарсы өтеді.

14 сәуірде Кельцедегі А рингінде Кенже Мұратұлы 52 келіге дейінгі салмақта шотландиялық Леннон Муллиганға қарсы, ауыр салмақта Мади Амировке итальяндық Лука Тистареллиге қарсы жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер