Теннис

Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық жұп финалда Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандықтар басымдылық көрсетті – 7:5.

Екінші сетте Польша жұбы тай-брейкте қайсарлық танытты – 7:6 (7:5).

Шешуші тай-брейкте А.Недовесов пен А.Голубев жеңісті жұлып алды – 10:5.

Тартысты бәсеке 1 сағат 46 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер