Әлем футболы

ПСЖ Мбаппемен жаңа келісімшарт жасасуы мүмкін

ПСЖ Мбаппемен жаңа келісімшарт жасасуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Пари Сен-Жермен» футбол клубы Киллиан Мбаппемен келісімшарт мерзімін ұзартуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шабуылшы франциялық клубта 2017 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Осы маусымда 22 жастағы ойыншы Франция чемпионатында 27 матчқа қатысып, 21 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Егер Мбаппе клубтан кетсе, оның орнына Лионель Месси (Барселона), Гарри Кейн (Тоттенхэм) және Мохамед Салах (Ливерпуль) қатарлы шабуылшылардың бірі келуі мүмкін.

Айта кетейік, Мбаппемен қазіргі келісімшарт 2022 жылы маусым айының соңына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер