Әлем футболы

Роналду «Ювентус» — «Дженоа» кездесуінен кейін жейдесін жасыл алаңға лақтырды

Роналду «Ювентус» — «Дженоа» кездесуінен кейін жейдесін жасыл алаңға лақтырды
news-banner7
mobile-news-top

Италия А сериясының 30-турында «Ювентус» ойыншылары «Дженоаны» жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Туриндегі «Альянц — Ювентус» стадионында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Деян Кулушевски, Альваро Мората және Уэстон Маккени, ал қонақтар қатарынан Джанлука Скамакка гол соқты.

Матчтан кейін «Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду жейдесін көгалға лақтырып тастады.

Айта кетейік, Роналду осы маусымда Италия чемпионатында 27 матчқа қатысып, 25 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер