Еркін күрес

«Тек жеңісті ойладым». Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасы туралы

«Тек жеңісті ойладым». Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасы туралы
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Алматыда өткен лицензиялық турнирде еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасын иеленді. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы өз жеріміздегі турнирді қорытындылап, финалдық белдесуіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақтық сын ойдағыдай өтті. Бұл балуанмен бұрын да кездескенмін. 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында белдестік. Мен тек жеңіске жетемін деген мақсат қойдым, бапкерлерім де жақсы тактика таңдады. Барлығы жақсы аяқталды, турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Әрине, 86 келідегі балуанымыздық жолдамасыз қалғаны өкінішті. Бірақ әлемдік іріктеу сынында лицензия қоржынға түседі деген ойдамын. Енді біз жаттығу жиынына қайта ораламыз.

Финалға шыққанымда барлығы құттықтай бастады. Бірақ эмоцияға қатты берілмей, ақтық сында жақсы күресіп шығуды ғана ойладым. Өйткені, бұл турнирде жеңіске жетуді өзімнің міндетім санадым. Тек жеңісті ойладым», - дейді балуан.

Юсуп Батырмұрзаев 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио ойындарына жолдама жеңіп алған. Күрес түрлерінде лицензия нақты спортшыға емес, командаға берілетінін еске саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер