Еркін күрес

Күрес түрлерінен лицензиялық турнир аяқталды

Күрес түрлерінен лицензиялық турнир аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі аяқталды.

Соңғы жарыс күнінде өткен еркін күрес шеберлерінің бәсекесінде қазақстандық Юсуп Батырмұрзаев олимпиада жолдамасын және турнирдің алтын медалін жеңіп алды.

125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп финалда моңғолиялық Лхагвагерел Мунхтурды 4:2 есебімен жеңіп, аса ауыр салмақтағы балуандар додасында топ жарды.

Айта кетелік, Юсуп Батырмұрзаев еркін күрестен Қазақстан командасының бесінші жолдамасын қоржынға салды. 86 келідегі Азамат Дәулетбеков жартылай финалда мүлт кетіп, бұл салмақтағы лицензия мәселесі Болгарияда өтетін әлемдік турнирде шешілетін болды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер