ММА

OCTAGON 18. Руслан Серікпұлов бірінші раундта айқын жеңіске жетті

OCTAGON 18. Руслан Серікпұлов бірінші раундта айқын жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Руслан Серікпұлов (15-11) OCTAGON 18 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыдағы жекпе-жек кешінде Руслан қырғызстандық Нұржігіт Откулбековпен кездесті.

Бірінші раундта Серікпұлов қарсыласына ес жиюға мұрша бермей, ұрып тастаған соң, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Руслан Серікпұлов үшін бұл мансабындағы 15-ші жеңіс болды.

Кештің басты жекпе-жегінде екі қазақстандық: Досбол Елеген (4-1) мен Дамир Төленов (4-0) төбелеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер