Күрес

Азамат Дәулетбеков лицензиялық турнирдің қола жүлдегері атанды

Азамат Дәулетбеков лицензиялық турнирдің қола жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі аяқталуға жақын. Қазақстандық Азамат Дәулетбеков еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Дәулетбеков қола жүлде үшін күресте тәжікстандық балуан Бахадур Кодировпен кездесіп, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Алайда, бұл салмақтағы Олимпиада жолдамасы Азаматтың қолынан сусып кетті. Ол жартылай финалда өзбекстандық балуанға есе жіберген болатын.

Ал Токио Олимпиадасының жолдамасы ақтық сынға шыққан спортшыларға ғана беріледі.

Айта кетелік, бүгін еркін күрестен аса ауыр салмақта белдесетін Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер