Басқа

«Баландин ізімен». Қазақстандық жүзгіш Олимпиадаға жолдама алуы мүмкін

«Баландин ізімен». Қазақстандық жүзгіш Олимпиадаға жолдама алуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Жуырда Қазан қаласында жүзуден өткен Ресей чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алып, бірнеше олимпиадалық норматив орындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алды, сонымен бірге Олимпиада нормативін орындады. Алайда, бұл мүлдем маңызды емес еді, өйткені 2019 жылғы әлем чемпионатында ол екі лицензия иеленген. Сондықтан бұл турнир ол үшін 2020 жылғы Олимпиадаға дайындық болды.

Олимпиада чемпионы команданың 4х100 м эстафетасында үшінші орын алуына көмектесті, бұл жерде біздің Токиоға жолдама алу мүмкіндігіміз бар. 2019 жылғы әлем чемпионатында 12 жолдама ойнатылған. Іріктеу кезеңінің соңында рейтинг бойынша тағы төрт жолдама иегері анықталады.

Қазандағы чемпионаттың тағы бір жағымды оқиғасы бар. Александр Варакин 50 метр қашықтықта еркін жүзуден (22.67) В іріктеу нормативін орындады. Осылайша, Александрдың Токиоға баруға мүмкіндігі бар. 878 спортшының жалпы квотасын толтыру үшін А стандартын орындай алмағандардың ішінен рейтинг бойынша спортшылар жинап алынады. Іріктеу кезеңі 27 маусымда аяқталады.

Еске салайық, құрамамыз енді Ақтөбедегі Қазақстан чемпионаты мен Беларусь чемпионатына қатысады, оларда да Олимпиада іріктеу кезеңі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер