Теннис

Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирдің чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Анна Данилина грузиялық Екатерина Горгодземен бірге жұптық сында Швейцариядағы W60 BELLINZONA ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚТФ баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Қазақстандық-грузиялық жұп жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында канадалық Ребекка Марино – жапониялық Юки Наитомен кездесті. А.Данилина мен Е.Горгодзе басты бәсекеде 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Дода барысында олар алғашқы айналымда корт иелері Дженни Дерст – Себастьяна Скллипотидің 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Сосын ширек финалда украиналық Ангелина Калинина – ресейлік Валерия Савиныхтан айласын асырды – 7:6, 6:4.

Жартылай финалда қазақстандық пен грузиялық спортшы чехиялықтар Анастасия Детюк – Йохана Марковамен кортқа шықты. Бұл жұп ширек финалда осы жарыстың 1-ракеткалары белоруссиялық Лидия Морозова – румыниялық Кристина-Андреа Митуді 7:6, 3:6, 10:8 есебімен жеңіп кеткен еді. Дегенмен олар А.Данилина мен Е.Горгодзеге қарсылық көрсете алмады – 2:6, 2:6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер