Күрес

Аяулым Қасымова Азия іріктеу турнирінің финалына шыға алмады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Аяулым Қасымова Азия іріктеу жарысының жартылай финалында қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жартылай финалда үндістандық Сонам Сонамға жол берді. Екеуара кездесу 9:6 есебімен аяқталып, Олимпиада жолдамасынан тыс қалды.

Айта кетерлігі, Токио Олимпиадасына финалға шыққан спортшылар жолдама алады. Жарыстың финалдық кезеңі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер