Әлем футболы

Самарқанд - Эль Класико науқанының Орта Азиядағы көрнекті қаласы

Самарқанд - Эль Класико науқанының Орта Азиядағы көрнекті қаласы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін әлемдегі ең көп көрермен тарта алатын клубтық ойын - «Эль Класико» өтеді.

Ла лиганың 2020/21 жылғы маусымындағы шешуші матчтардың бірінде «Реал» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды. Бұл ойын тарихта алғаш рет «Альфредо Ди Стефано» стадионында өткелі отыр. Турнирлік кестедегі көшбасшы «Атлетико» «Барселонадан» 1 ұпай, ал «Реалдан» 3 ұпай алда келеді. Чемпионаттың аяқталуына тек тоғыз ойын қалды. Демек бүгінгі кездесу екі команданың чемпионатта бірінші орын алу мүмкіндігіне шешуші әсер етеді.

«Класико» - бұл әлемдік футболдағы ең тартысты бәсекелердің бірі. Сол үшін Ла Лиганың медиа қызметі ойынның жаһандық түс алуына жұмыс жасайды. Осы мақсатта матч басталардан бірнеше күн бұрын Ла Лига «Эль Класиконың» әлемді жаулап алғанын көрсету үшін көптеген халықаралық іс-шаралар ұйымдастырды.

Ла Лига жанкүйерлер матчты тамашалай алатын орындар дайындалды. Мұндай орындар Бромо тауында, Ява аралында, Кениядағы Масаи тайпасының Бомасында, «Мың бір түрде» аталатын тарихи қала Самарқандта (Өзбекстан) және Германиядағы Эйбсей көлінің жағасында ашылды.

Хаис Рахмани, Ла лиганың Орталық Азиядағы делегаты: «Біз мұндай іс-шараны футбол арқылы адамдар мен мәдениеттерді біріктіру мақсатында қолданамыз. Енді испаниялық футбол жанкүйерлері осы аймақтың сұлулығын көреді деп сенемін. Сонымен бірге біз жергілікті жанкүйерлерге олардың қаласына, тарихы мен мәдениетіне деген шынайы қызығушылығымызды және осы маңызды матч арқылы әдемі қаланы насихаттау мақсатымызды білдіргіміз келеді».

Цифрлы технология мен хабар тарату саласындағы теңдесі жоқ тәжірибе

Испания үкіметінің коронавирус байланысты шектеулері жанкүйерлердің трибуналарды толтыруына мүмкіндік бермеді. Бірақ Ла Лига Испаниядағы және бүкіл әлемдегі жанкүйерлердің матчты сезінуіне барлық жағдайды жасады. Ауқымды әрі әртүрлі трансляция ойынды барлық жағынан шынайы қадағалауға мүмкіндік береді.

Матч қай жерде өтсе де, «Эль Класико» жанкүйерлері жаңа графика мен статистиканы тамашалай алады. Сондай-ақ фан-камермен және кинокамерамен түсірілген түрлі кадрларды, дрондар арқылы таңқаларлық аэрофотосуреттерді көре алады.

Ла Лиганың 22 халықаралық әлеуметтік медиа арнасы ойын басталатын апта ішінде эксклюзивті контент жариялайды және матчтан кейінгі екі сағат ішінде матчтың негізгі ақпаратын бүкіл әлем бойынша 130 миллионнан астам жанкүйерге тікелей эфирде таратады.

Prosports.kz - Ла Лиганың Қазақстандағы эксклюзивті серіктесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер