Теннис

Недовесов пен Голубев Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Недовесов пен Голубев Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Осы доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық жұп алдымен хорватиялықтар Карло Кроло – Лука Микрутты 6:1, 6:3 есебімен оңай ұтты. А.Недовесов пен А.Голубев ширек финалда да қарсылас шақ келтірген жоқ.

Германиялық Дастин Браун – швейцариялық Лука Маргороллиді 6:2, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Қазақстандық жұп жүлде қоры 45 мың еуроға бағаланған жарыстың финалына шығу үшін чехиялықтар Зденек Колар – Лукаш Росолмен таласады.

Түпнұсқасы: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер