Грек-рим күресі

Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Алматыда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 87 келіге дейінгі салмақта жартылай финал белдесулері бітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финал жеңімпаздары алтын медальға таласқаннан бөлек, Токио Олимпиада ойындарына лицензия алды. Жартылай финалда қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов та белдескен, ол үндістандық Кумар Сунилмен кездесті.

Тұрсынов қарсыласын 9:5 есебімен жеңді.

Финалда Нұрсұлтан Тұрсынов қытайлық Пэй Фэймен кездеседі. Қазақстандық балуан Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер