Грек-рим күресі

Олимпиадаға іріктеу: Тұрсынов бірінші белдесуде жеңіске жетті

Олимпиадаға іріктеу: Тұрсынов бірінші белдесуде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирін қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов жеңіспен бастады, деп жазады Prosports.kz Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Тұрсынов алғашқы айналымда жапониялық Масато Сумимен кездескен болатын. Тартысты белдесуде 5:3 есебімен Нұрсұлтан жеңіске жетті.

Бұған дейін 67 және 97 келіге дейінгі салмақтарда белдескен Мейіржан Шермаханбет пен Олжас Сырлыбай жеңіліске ұшыраған болатын.

Айта кетейік, Алматыдағы іріктеу турнирінде финалға шыққан балуандар Токио Олимпиадасының жолдамасын еншілейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер