«Астана» испаниялық қорғаушыны қатарына қосты

«Астана» испаниялық қорғаушыны қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы Кадете деген атпен танымал 26 жастағы қорғаушы Энрике Лопез Фернандезбен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Испаниялық футболшы «Алькорон» клубының түлегі. Кадете Испания біріншілігінен бөлек Мексика чемпионатында «Атлетико Сан-Луис» және «Керетаро» клубтары сапында да ойнады.

Жаңа ойыншы елордалық клуб сапында 21-нөмірмен өнер көрсетеді.

Transfermarkt порталы футболшыны 700 мың еуроға бағалаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер