Теннис

Қазақстанға қарсы ойнайтын Аргентина теннисшілері анықталды

Қазақстанға қарсы ойнайтын Аргентина теннисшілері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстанмен кездесетін Аргентина құрамасы белгілі болды.

Аргентина әйелдер құрамасының капитаны Мерседес Пак мына ойыншыларға сенім артып отыр. Дүниежүзілік рейтингте 46-орында тұрған Надя Подороска Аргентинаның басты үміті болмақ. Осы елдің екінші ракеткасы Паула Ормаэчеа әзірге белгісіз себептермен команда құрамына енген жоқ.

Тізімге сондай-ақ Виктория Бозио (442-ракетка), Гильермина Ная (558-ракетка) және Мария Лурдес Карл (446-ракетка) кірді. М.Пак Қазақстан теннисшілерінің мықты, үшеуінің алғашқы жүздікке енетіндігін, сондықтан олардың фаворит екендігін, дегенмен ел намысы үшін барын салатындықтарын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аргентинамен ойнайтын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталған болатын. Аргентина – Қазақстан матчы Буэнос-Айрестен 700 шақырым қашықтықта орналасқан Кордова қаласында 16-17 сәуір күндері өтеді.

Бастапқыда кездесу 2020 жылы жоспарланған болатын, алайда коронавирус індетіне байланысты биылғы ақпанға, сосын сәуірге кейінге шегерілді. Плей-офф бәсекесінде жекелей сында төрт жекпе-жек болады. Егер есеп 2:2 болған жағдайда жеңімпаз мәселесі жұптық кездесуде шешіледі.

Түпнұсқасы: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер