Дзюдо

Елдос Сметов: Жанкүйерлер қолдауын үнемі сезінемін

Елдос Сметов: Жанкүйерлер қолдауын үнемі сезінемін
news-banner7
mobile-news-top

Бішкекте дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. 60 келіде татамиге шыққан команда лидері Елдос Сметов жарыстан жүлдесіз қалды. Соған қарамастан ол жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, құрлықтық біріншілік туралы Olympic.kz сайтына айтып берді.

"Баршаның қолдауын көріп, сезініп отырмын. Қандай жағдай болмасын үнемі қолдауын аямайтын жанкүйерлерім барына қуаныштымын! Көп рахмет!

Жарысқа келер болсақ, бүгінгі жарыс бәрімізге сабақ болды. Ешкімнен кінә, қате іздемейміз. Олимпиада алдында жігерленіп, басқаша күресуге мұрындық болды. Біздің мақсат - Азия чемпионаты емес. Бұл - Олимпиадаға дайындық жарыстарының бірі", - дейді Сметов.

Айта кетерлігі, Елдос Сметов ширек финалда қырғызстандық дзюдошы Кубанчбек Айбекулуна жол берген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер