ММА

Досбол Елеген OCTAGON 18 турнирінде өнер көрсетеді

Досбол Елеген OCTAGON 18 турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Досбол Елеген келесі жекпе-жегінің күнін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы спортшы 11 сәуірде Алматыда өтетін OCTAGON 18 турнирінде өнер көрсетеді. Ол 24 жастағы отандасы Алдияр Мансұрбекпен (2-0) жұдырықтасады.

OCTAGON 18 турнирінің басты жекпе-жегінде өзбекстандық Фирдавс Хасанов (6-1) пен қазақстандық Дамир Төленов (4-0) кездеседі.

Шараның негізгі жекпе-жегінде қазақстандық ауыр салмақтағы Ілияс Елеусінов (1-1) өзбекстандық Мухамадали Абдурашидовпен (1-0) жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, OCTAGON 18 турнирі 11 сәуірде өтеді. Кеш Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. Тікелей трансляция Setanta Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ OCTAGON TV Youtube-арнасында қол жетімді.

Турнирдің ресми серіктесі - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер