Дзюдо

Азия чемпионаты: Қоржынға екі «қола» түсті

Азия чемпионаты: Қоржынға екі «қола» түсті
news-banner7
mobile-news-top

Бішкекте өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елдос Жұмақанов 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол жергілікті спортшы Артур Тені жеңді.

57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Севара Нишанбаева да Қазақстан үшін қола медаль жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін белдесуде Жаңа Зеландия спортшысы Джастин Бишоптан басым түсті.

Осыған дейін Абиба Абужақынова екінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер