Дзюдо

Дзюдодан Азия чемпионаты: Іріктеу кезеңінің нәтижесі

Дзюдодан Азия чемпионаты: Іріктеу кезеңінің нәтижесі
news-banner7
mobile-news-top

Бішкекте дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Olympic.kz алғашқы жарыс күнінің іріктеу кезеңіндегі қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.

Жарыстың бірінші күнінде татамиге ерлер 60 және 66 келіге дейінгі, ал әйелдер 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша шықты.

Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Абиба Әбужақынова финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда Гүлнұр Мұратованы жеңді. Финалда Қытай спортшысы Янан Лимен кездеседі.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Севара Нишанбаева мен 66 келіде Елдос Жұмақанов қола жүлдені сарапқа салады. Севара жұбаныш финалында Жаңа Зелендия өкілі Джастин Бишоппен кездессе, Елдос қырғызстандық балуан Артур Темен күреседі.

Өкінішке қарай, команда лидері Елдос Сметов финалдық кезеңге өте алмады.

Сонымен қатар, 52 келіде белдескенотандық балуандар Нұрсұлу Ералиева мен Ғалия Тынбаева жарыстың алғашқы айнылымында қарсыластарына есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер