Командалық

Қазақстан FIBA ​​3x3 рейтингінде көтерілді

Қазақстан FIBA ​​3x3 рейтингінде көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

2021 жылдың 1 сәуірінде 3х3 халықаралық баскетбол федерациясы бір жыл бұрын басталған COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтап тұрған ресми рейтингті жаңартты.

Рейтингті қозғалтқаннан кейінгі Қазақстанның басты жетістігі Ресей құрамасын екінші орынға қалдырып, U-18 жасөспірімдер санатындағы ұлттық құраманың көшбасшысы атанды. 1 сәуірдегі жалпы әлемдік рейтингте Қазақстан 35-орыннан көтеріліп, 32-орынға жайғасты, ал өңірлік рейтингте біз 8-орынға ие болып отырмыз.

Төменде Қазақстанның барлық санаттар бойынша ағымдағы рейтингі берілген:

  • Ерлер 18+: Әлем - 36 / Азия - 7
  • Әйелдер 18+: Әлем - 31 / Азия - 10
  • Ерлер U-23: Әлем - 19 / Азия - 5
  • Әйелдер U-23: Әлем - 33 / Азия - 11
  • Ұлдар U-18: Әлем - 1 / Азия - 1
  • Қыздар U-18: Әлем - 22 / Азия - 7

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы 3х3 баскетбол Токио Олимпиадасында алғаш рет өнер көрсетеді және 3х3 баскетболдан Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы Олимпиадаға жолдама үшін таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер