«Қайраттың» ЧЛ-дағы қарсыласы «Бенфика» ішкі біріншілік матчында жеңіске жетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЛиссабондық «Бенфика» Португалия чемпионатының 28-турында «Ломбуш» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тартысты өткен ойында «Бенфика» 4:3 есебімен ұтты. Жеңісті голды 37-минутта Фабиу Сесилиу соқты.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бенфикамен» кездеседі.
28-турдан кейін «Бенфика» 76 ұпаймен турнирлік кестенің екінші орынына жайғасқан. Көшті 78 ұпайы бар «Спортинг» бастап тұр.
«Бенфика» – «Ломбуш» 4:3 (2:2)
Гол авторлары: Тиагу Бриту (1), Робиньо (17), С. Феррейра (24), Сесилиу (37) – Рубен Сантуш (7, 20, 26)