Футзал

Видео. Қазақстан құрамасы Будапештке жетті

Видео. Қазақстан құрамасы Будапештке жетті
Қазақстан құрамасы Венгрия астанасына Алматы-Стамбул-Будапешт бағыты арқылы жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Венгрия құрамасымен өтетін ойын 6 сәуірге белгіленген. Ертең біздің команда Амалия Стербински атындағы спорт кешенде алғашқы жаттығу өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үш ойында үш рет жеңіске жетіп, өз тобында көш бастап келеді. Рикардо Кака шәкірттері бұған дейін Венгрияны (5:0) ойсырата ұтып, Беларусь құрамасын (5:2, 6:1) екі рет жеңді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0