Дзюдо

Ерсұлтан Мұзаппаров Анталиядағы Grand Slam жарысында жүлде алмады

Ерсұлтан Мұзаппаров Анталиядағы Grand Slam жарысында жүлде алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошылар үшін Анталиядағы Grand Slam жарысы сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды ҰОК сайты.

Үшінші жарыс күнінде татамиге ел сапынан Аслан Сағитбек пен Ерсұлтан Мұзаппаров қатысты. 90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ерсұлтан ширек финалға дейін жетті. Жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда оны түркиялық Майкл Занк тоқтатты. Ал жұбаныш кездесуінде ол Дэвид Кламмерттен ұтылып қалды.

Нәтижесінде, Ерсұлтан Мұзаппаров әлемдік доданы 7-ші орынмен аяқтады. Ал тағы бір отандасымыз Сағитбек Аслан екінші кездесуінде израильдік Ли Кошманға есе жіберіп, жарыстан шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер