Әлем футболы

«Ливерпуль» Салахтың клубтағы тағдырын жазда шешеді

«Ливерпуль» Салахтың клубтағы тағдырын жазда шешеді
news-banner7
mobile-news-top

Мысырлық футболшы бірнеше айдан кейін клубтан кетуі де ғажап емес, деп жазады Prosports.kz.

«Ливерпуль» осы жазда вингер Мохамед Салахтың болашағын шешеді. Футболшының «қызылдармен» тағы 2 жыл келісімшарты бар, бірақ басшылық ойыншының клубта қалғысы келетіндігіне сенімді емес.

«Ливерпуль» осы маусым қорытындысы бойынша үздік төртікке кіре алмаса және Чемпиондар лигасындағы жорығын ерте аяқтаса, 28 жастағы ойыншы клубпен қоштасуы да мүмкін.

Айта кетейік, Англия чемпиондары Чемпиондар лигасының ширек финалында «Реал Мадридпен» кездеседі.

АПЛ кестесінде Юрген Клопп шәкірттері 29 турдан кейін 46 ұпаймен жетінші орында тұр. Төртінші сатыдағы «Челсиден» бес ұпай қалып келеді. Чемпионат аяқталуына 9 тур ғана қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер