Күрес

Эмма Тисина: Жолдаманы жеңу мақсатында әрбір ұпай үшін барымды саламын

Эмма Тисина: Жолдаманы жеңу мақсатында әрбір ұпай үшін барымды саламын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық балуан Эмма Тисина Алматыда өтетін Азия құрлықтық іріктеу сынына қатысады. 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын балуан Олимпиада жолдамасы үшін барын салатынын жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

"Лицензия үлестірілетін Азия құрлықтық доасына қатысатындар қатарына ену мен үшін өте маңызды болды. Жасыратыны жоқ, мен бұл бәсекеге 2019 жылдан бастап мақсатты түрде дайындалдым.

Қазіргі таңда Алматы облысында жарысқа дайындалып жатырмыз. Өз әдісімді жетілдіру мақсатында бар күшімді салудамын. Өз салмақ дәрежемде жолдаманы жеңу мақсатында әрбір ұпай үшін белдесемін. Сондай-ақ, біздің "үйде" өтетін жарыс болғандықтан, бұл да бір сенімділік береді деп ойлаймын", - дейді балуан.

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен лицензиялық жарыс 9 сәуір күні басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер