ММА

«Супермен»-жекпе-жек шебері Атырау базарларында бопсалаушыға айналған

«Супермен»-жекпе-жек шебері Атырау базарларында бопсалаушыға айналған
news-banner7
mobile-news-top

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала базарларында бопсалаумен айналысқан рэкетир-спортшыларға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Сот процесі барысында анықталғандай, жекпе-жектің әр түрін жақсы меңгерген ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы, сотталушы А.У., 2012 жылы Атырауда үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, келесі 8 жыл ішінде «Дина» және «Көктем» базарларындағы ОҚО саудагерлерінен «алым» жинап, бас тартқан жағдайда, тауарларды жоямыз, ұрып-соғамыз немесе өлтіреміз деп қорқытқан.

- Сотталушылардың кінәсі сот барысында қаралған дәлелдер жиынтығымен толық расталды, - деп атап өтті сотта. - Үкім шыққан кезде, сотталушылардың қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленушілерге ірі көлемде залал келтірілгені, қылмыс ұйымдасқан топтың құрамында жасалғандығы және олардың жасаған істеріне өкінбейтіндігі ескерілді.

33 жастағы ҰҚТ басшысы А.У. 7 жыл 1 айға, оның екі «бағыныштысы» әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

«AЖ»-ға белгілі болғандай, ҰҚТ басшысы А.У. «жекпе-жек», каратэ, жауынгерлік самбо, джи-джитсу және панкратион бойынша Қазақстан чемпионы. Халықаралық ММА жарыстарында Қазақстанның намысын қорғаған. 2015 жылдың көктемінде Қытайда американдыққа қарсы турнирде соңғы жекпе-жегін өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сол кезде ол қала базарларын «ұстап тұрған» екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер