ММА

Гойти Дазаев: Маған Қазақстан мен Шешенстан жанкүйер болады

Гойти Дазаев: Маған Қазақстан мен Шешенстан жанкүйер болады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Гойти Дазаев (10-2-1) Fight Nights Global лигасындағы чемпиондық жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады.

«Маған Қазақстан жанкүйер болады. Шешенстан да қолдау көрсетеді. Дмитрий Бикревті жеңген соң Мәскеу де мені жақсы көреді!», - деп жазды спортшы.

Fight Nights Global ұйымы 10 сәуірде Мәскеуде өтетін AFC FN 100 турнирінің ресми анонсын жариялады.

Кештің басты жекпе-жегінде Гойти Дазаев жергілікті спортшы Дмитрий Бикревпен (12-3-1) жұдырықтасады.

Айта кетейік, қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегінде Максим Буторинді жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер