Дзюдо

Дзюдодан Grand Slam Қазақстан үшін сәтсіз аяқталды

Дзюдодан Grand Slam Қазақстан үшін сәтсіз аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Бұл күндері Түркияның Анталия қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырына көтеріле алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасының спортшылары бүгін екі салмақ бойынша татамиге шықты.

73 келіге дейінгі салмақта белдескен Жанболат Бағытбергенов пен Аңсарбек Ғайнуллин ширек финалдық жолдама үшін күресте қарсыластарына есе жіберді. Жанболат тәжірибелі швед Матиас Томмиден, Аңсарбек бельгиялық Жерон Касседен ұтылды.

Ал 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мәди Амангелдіні екінші айналымда Италия спортшысы Эспасито Антонио жарыстан шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер