Дзюдо

Grand Slam Antalya: Қос қазақстандық дзюдошы іріктеу сынынан іркілді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 1 сәуір күні Түркияның Анталия қаласында дзюдодан әлемдік "Grand Slam" бәсекесі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин татамиге шықты. Алғашқы қарсыласы Андреа Карлиноны иппон ұпайымен ұтып, екінші кезеңге өтті. Алайда, екінші айналымда тәжірибелі бразилиялық балуан Эрик Такабатикеге есе жіберді.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бауыржан Сағынғалиұлы бағын сынады. Филиппиндік Шуген Наканоны жеңген ол екінші айналымда екі дүркін әлем чемпионы жапониялық Абе Хифумиден жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер