Әлем футболы

«Бавария» Эрлинг Холландты сатып алмайды

«Бавария» Эрлинг Холландты сатып алмайды
news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» басшысы Карл-Хайнц Румменигге дортмундтық «Боруссия» шабуылшысы Эрлинг Холландты сатып алу туралы қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мұндай қауесеттер қайдан шығатынын білмеймін. Бір нәрсені айта аламын: бұл позицияда бізде жоғары деңгейлі футболшы ойнайды. Роберт Левандовскиймен келісімшарт 2023 жылға дейін жасалған. Оның кәсіпқойлығын ескерсек, бұл келісімшарт соңы емес. Оның қалай жаттығып, денсаулығын қалай күтіп жүргенін қараңыздаршы», - деп келтірді Румменигге сөзін Sport Bild.

32 жастағы Роберт Левандовский Бундеслиганың осы маусымында 25 ойында 35 гол соқты. Ал 20 жастағы Холланд 21 матчта 21 рет көзге түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер