Әлем футболы

Левандовски Чемпиондар лигасының ширек финалына қатыса алмайды

Левандовски Чемпиондар лигасының ширек финалына қатыса алмайды
news-banner7
mobile-news-top

«Бавария» футбол клубы мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы мюнхендік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Левандовски 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Андорра құрамасына қарсы ойында (3:0) жарақат алды.

Ол енді төрт апта алаңға шыға алмайды. Демек шабуылшы 7 және 13 сәуірде өтетін Чемпиондар лигасының ширек финалы аясындағы ПСЖ-мен ойынға қатыса алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер