Дзюдо

Дзюдодан жастар ойыны: Алғашқы жеңімпаздар белгілі

Дзюдодан жастар ойыны: Алғашқы жеңімпаздар белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Оралда дзюдодан V жастар спорттық ойындары өтіп жатыр. Olympic.kz жарыстың алғашқы жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынады.

Жарыстың алғашқы күнінде ұлдар 60 келіге дейін, қыздар 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақта қызылордалық Жанерке Асқарова қарсылас шақ келтірмеді. Атыраулық Аяна Дүйсенбай екінші орыннан көрінсе, алматылық Гюзаль Аюпова мен Диана Буркеева қола жүлдені бөліп алды.

Ал ұлдар арасында алматылық Шерзод Давлатов топ жарды. Маңғыстаулық Мерей Мархамбетов күміске ие болса, ШҚО өкілі Есентай Имаханов пен елордалық Мадияр Мырзахметов үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, дзюдодан жастар спорттық ойындары 31 наурызға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер