«Крылья Советовта» бірде-бір матч өткізбеген Абат Айымбетов Қазақстанға оралады

«Крылья Советовта» бірде-бір матч өткізбеген Абат Айымбетов Қазақстанға оралады
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасы биыл «Крылья Советов» сапына қосылған Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы «Матч ТВ» хабарлады.

25 жастағы футболшы биыл Ресейдің екінші дивизионында бақ сынайтын «Крылья Советов» командасына ауысқан. Алайда маусым басталғалы бірде-бір мәрте алаңға шықпады.

«Матч ТВ» мәліметінше, «Астана» мен «Крылья Советов» арасындағы келіссөз жақын күндері аяқталады. Тараптар футболшының жалақысын бөліп төлеу бойынша бір келісімге келмеген. Егер бәрі сәтті аяқталса Абат Айымбетов жыл соңына дейін елордалық командада жалда ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер