Командалық

«Алтай» волейболшылары бесінші рет ҚР чемпионатында жеңіске жетті

«Алтай» волейболшылары бесінші рет ҚР чемпионатында жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Павлодар қаласында "Алтай" әйелдер командасы бесінші рет ҚР тұрақты чемпионатының чемпиондары атанды.

Шығыс Қазақстан командасы кезекті рет жақсы ойын көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Финалдық матчта 3:1 есебімен өңір командасы Талдықорған құрамасынан басым түсті. Ал үздік ойыншы Сан Анарқұлова болды.

Плей-офф кезеңінде команда бірінші орыннан шықты. Жартылай финалда "Алтай" командасы турнир кестесінде төртінші орында тұрған "Алматы" командасымен додаға түсті.

Екі кездесуде де "Алтай" қарсыластарын жеңіп, финалда "Жетісу" командасына қарсы шықты. Ақтық сында "Алтай" бірінші күні 3:2, екінші күні 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Нәтижесінде, Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында облыстың "Алтай" волейбол командасы Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер