«Тобыл» сапына сербиялық шабуылшы қосылды

«Тобыл» сапына сербиялық шабуылшы қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобыл» сербиялық шабуылшы Неманья Николичпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сербиялық шабуылшы осы маусымның соңына дейін сары-жасылдардың намысын қорғайды.

Неманья Николич 1992 жылы 19 қазанда Сербияның Кралево қаласында дүниеге келген. Ол Черногорияның «Грбаль» футбол командасының тәрбиеленушісі.

«Тобылға» дейін Неманья Сауд Премьер-лигасында «Аль-Раид» сапында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер