ММА

UFC 260: Басты жекпе-жекте Нганну Миочичті нокаутпен жеңді

UFC 260: Басты жекпе-жекте Нганну Миочичті нокаутпен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Невада штатының Лас-Вегас қаласында UFC 260 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты жекпе-жекте бұрынғы ауыр салмақтағы чемпион Стипе Миочич (20-4) франциялық Франсис Нганнумен (16-3) кездесті.

Бес раундқа есептелген жекпе-жек екінші бес минутта аяқталды. Нганну қарсыласын нокаутпен жеңді.

Осылайша, Фрэнсис Нганну Миочичке кеткен есесін қайтарды деуге негіз бар. Өйткені 2018 жылдың қаңтарында ол Стипеден төрешілер шешімімен жеңілген болатын.

Айта кетейік, Миочич UFC чемпиондық белбеуіне 2016 жылдың мамырында қол жеткізген. Соңғы 5 жыл ішінде Стипе белбеуін төрт рет мәрте сәтті қорғады. Бұл ауыр салмақтағы рекордтық көрсеткіш саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер