Қысқы

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлем чемпионатында 32-ші болды

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлем чемпионатында 32-ші болды
news-banner7
mobile-news-top

Стокгольмде мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында ерлер арасында жекелей сайыс бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҰОК сайты.

Ерлер арасындағы бәсекеде АҚШ спортшысы Натан Чан еркін бағдарламада 320.88 ұпай еншілеп, үш дүркін әлем чемпионы атанды.

291.77 ұпай жинаған жапониялық 17 жасар Юма Кагияма күміспен күптелсе, екі дүркін Олимпиада чемпионы жапониялық Юдзуру Ханю 289.18 ұпаймен қоланы қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, еркін бағдарламада қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров 59.14 ұпай еншілеп, әлем чемпионатын 32-ші орында аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер