Велоспорт

Велоспорттан Олимпиадада бақ сынайтын шабандоздар кімдер?

Велоспорттан Олимпиадада бақ сынайтын шабандоздар кімдер?
news-banner7
mobile-news-top

Токио Олимпиадасында велоспорт жарысы 25 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Жалпы бұл спорт түрінен төрт жылдықтың басты додасында 4 дисциплина бойынша 22 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Оның 4-еуі тас жолдағы, 12-сі тректегі велоспорттан, 2-еуі маутинбайктен (таулы жерде), 4-еуі веломотокростан. Тас жолдағы жарыстар Мусасиномори саябағынан басталып, Фудзияма тауының етегіндегі Формула-1 жарысы өтетін «Фудзи Спидвей» тас жолында да өтеді.

Ерлерге арналған жарыс жолының ұзындығы – 266 км, әйелдердікі – 143 км. Қазақстан құрамасы еншісінде тас жолдағы велоспортта командалық жарыста 3, жекелеген жарыста 1 жолдамаға ие.

Биыл Токиодағы олимпия ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар:

1. Алексей Луценко

2. Андрей Зейц

3. Вадим Пронский

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер