Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тбилисидегі Grand Slam-де жеңіліс тапты

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тбилисидегі Grand Slam-де жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтіп жатыр. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынды.

Жарыстың екінші күнінде ел құрамасының балуандары іріктеу сынынан аса алған жоқ. Татамиге төрт қазақстандық дзюдошы шығып, төртеуі де қарсыластарына жол берді.

81 келіде Дидар Хамзаны үшінші айналымда грузиялық Тато Григалашвили тоқтатты. Дәл осы салмақта Руслан Мұсаев екі кездесу өткізді. Алғашқы айналымда АҚШ спортшысы Келл Бердинерді уақытынан бұрын ұтқанымен, екінші кездесуі сәтсіз болды. Кезекті қарсыласы өзбекстандық Сухраб Турсунов отандасымызды ұтып, жарыстан шығарды.

73 келіде Данияр Шамшаев бәсекеге екінші айналымда қосылды. Мексикалық Хильберто Кардоссо Даниярдан басым түсті.

Ал әйелдер құрамасынан татамиге шыққан Жанар Қашқын алғашқы айналымда-ақ қарсыласына жол берді. Ямайкалық Эбони Дэйли Жанарға жарысты жалғастыруға мүмкіндік қалдырмады. Осылайша, қазақстандық дзюдошылар Тбилисидегі Grand Slam жарысының екінші күнінде де жүлдесіз қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер