ММА

UFC Vegas 22: Басты жекпе-жекте Брансон Холлэндті жеңді

UFC Vegas 22: Басты жекпе-жекте Брансон Холлэндті жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Vegas 22 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақта өнер көрсететін Дерек Брансон мен Кевин Холлэнд кездесті.

Жекпе-жек толық бес раундқа жалғасып, төрешілер шешімімен Дерек Брансон жеңіске жетті. Ұпай саны - 49:45, 49:46, 49:46.

Осылаша, Брунсон мансабындағы 21-жеңісіне қол жеткізді. Бұдан бөлек ол 7 мәрте жеңілген (UFC-де 12-5). Ал Холлэнд бүгінге дейін 21 рет жеңіске жетіп, 5 мәрте жеңілген (UFC-де 8-2).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер