Күрес

Ақтөбеде белбеу күресінен ел біріншілігі өтеді

Ақтөбеде белбеу күресінен ел біріншілігі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбеде наурыз айының 25-29 күндері белбеу күресінен ел біріншілігі өтеді.

Чемпионат ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы меретойына орай өтеді. Жарысқа 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 300-ге жуық спортшы қатысуға өтініш білдірген. Ерлер 8, қыздар 5 салмақ дәрежесі бойынша еркін, классикалық стилде күреседі.

«Әр салмақ бойныша құрамадан 2 палуан қатысуға рұқсат етілген. Жарыста жеңіске жеткендер Қазақстан ұлттық құрамансына іріктеледі. Олар қазан айында Татарстанда өтетін әлем біріншілігіне және ТМД ойындарына қатысады. Ал Ташкентте өтеді деп жоспарланған Азия чемпионаты эпиджағдайға байланысты белгісіз уақытқа шегерілді. Ұйымдастыру алқасының ережесіне сай, қатысушылар, жаттықтырушылар, өкілдер мен төрешілер COVID2019-ға қарсы ПТР тест тапсырып, анықтама әкелуі тиіс», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметкері Ерлан Мұқан.

Айта кетейік, өткен жылы жекелей сында өткен чемпионатта ақтөбелік палуандар 2 алтын, 2 күміс, 3 қола жеңіп алды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер