Командалық

Гандболдан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

Гандболдан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу сатысындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Іріктеу ойындары Мажарстанда өтуде. Қазақстанның қарсыластары - Мажарстан, Ресей және Сербия құрамалары. Алғашқы ойынында қазақстандық гандболшылар Мажарстан құрамасымен кездесті. Бұл кездесуде алаң иелері басымдық танытты.

Осылайша құрамамыз қарсыласына 19:46 есебімен жол берді. Алғашқы турда Ресей Сербияны 29:24 есебімен тізе бүктірді. Енді қазақстандық гандболшылар бүгін, 20 наурызда Ресей, 21 наурызда Сербиямен кездеседі.

Естеріңізге сала кетелік, құрамамыз 2008 жылы Олимпиада ойындарында бақ сынап, жалпы командалық есепте оныншы орынға табан тіреген болатын.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер