Теннис

Токиоға жолдама: Қоржынға үстел теннисінен Олимпиада лицензиясы түсті

Токиоға жолдама: Қоржынға үстел теннисінен Олимпиада лицензиясы түсті
news-banner7
mobile-news-top

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Лаврова Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеп.

Бұл күндері Дохада үстел теннисінен Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі өтіп жатыр. Аталған бәсекеде ерлер мен әйелдер арасындағы жарыс жеңімпаздарына Олимпиадаға жолдама үлестіріледі.

Әйелдер арасында жекелей сайыстың финалында отандасымыз Анастасия Лаврова бақ сынады. Ол ақтық кезеңде өзбекстандық Мухабо Магдиеваны жеңді. Екеуара кездесу 4:2 есебімен аяқталып, ойын Лаврованың еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, Анастасия Лаврова Қазақстан қоржынына Токио Олимптадасының 44-інші жолдамасын салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер