Хоккей

Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалға шыққан үш команда анықталды

Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалға шыққан үш команда анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден Қазақстан чемпионатының ширек финалы аясында «Торпедо» мен «Алматы» арасындағы төртінші матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өскеменде өткен кездесу 3:1 есебімен «Торпедоның» жеңісімен аяқталды.

Осылайша, сериядағы есеп 4:0 болып, өскемендік командар жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін қарағандылық «Сарыарқа» мен астаналық «Номад» жартылай финалға өткен. Олар 1/4 финалда петропавлдық «Құлагер» мен «Теміртауды» жеңді.

Ал төртінші жартылай финал жолдамасын атыраулық «Бейбарыс» пен көкшетаулық «Арлан» сарапқа салып жатыр. Бұл жұптың сериядағы есебі 2:2.

«Торпедо» (Өскемен) – «Алматы» (Алматы) 3:1 (2:0, 0:1, 1:0)

1:0 – Шин (Кузнецов, Виноградов) – 06:26

2:0 – Сироткин (Петросян, Виноградов) – 12:53

2:1 – Тихомиров (Бельгибаев, Бурделев) – 21:10

3:1 – Кузнецов (Петросян, Сироткин) – 57:04

Қақпашылар: Сидоров – Грязнов

Сериядағы есеп: «Торпедо» – «Алматы» 4:0 (6:2, 4:3, 2:1 ОТ, 3:1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер