Әлем футболы

Шомко, Щеткин мен Логвиненко бас бапкерсіз қалды

Шомко, Щеткин мен Логвиненко бас бапкерсіз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық футболшылар Дмитрий Шомко, Алексей Щеткин мен Юрий Логвиненко ойнайтын «Ротордың» бас бапкері Александр Хацкевич қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Хацкевич «Роторды» 2019 жылдың желтоқсанынан бері жаттықтырған. Оның баптауымен команда 16 жылдан соң Премьер-лигаға оралған.

Осы маусымда волгоградтық клуб РПЛ-дың 23 матчында 4 рет жеңіп, 6 рет тең түскен, 13 мәрте қарсыласына жол берген. Қазір 18 ұпаймен 13-орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер